© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан: Қытайдың этникалық қазақтарға қысымына Астана қалай қарауы керек?

«Бір жағынан алып қарасақ, Қазақстан қытай билігінің синьцзяндық мәселеге асқан сезімтал тұрғыда қарайтындығын түсінеді. Ал, бір жағынан қазақ диаспорасының жайы Қазақстанның ішкі саясатының басты бағыттарының бірі. Сыртта жүрген өз азаматтары Отанының қорғауында болады», – деп арнайы CABAR.asia ақпарат көзіне жазған мақаласында саясаттанушы Берікбол Дүкеев айрықша атап көрсетті.

Русский English


Мақалаға қысқаша шолу:

  • Терроризм қаупін пайдаланып секьюритизациялау Синьцзянда ислам мәселесін реттеуді ғана қоймайды. Сонымен қатар, жергілікті ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ басқа да этникалық топтардың діни сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді;
    • Қазақстандық билік бұл тұрғыдан мәселені тараптар арасындағы келісімдер арқылы шешіп, жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жолымен реттеуге тырысады.
    • Синьцзяндағы жағдайды айыптайтын нақты көзқарас күтуге болмайды. Мұндай жайттар Қытайдың ішкі істеріне араласу ретінде бағаланады.
  • Пекин Қазақстанмен екі жақты экономикалық қатынастардың маңыздылығын түсінеді. Қытай билігі жағдайды бақылауда ұстауға тырысатыны сөзсіз. Онымен қоймай, қазақстандық тараппен диалог жасау әрекетіне көшеді.

Синьцзяндағы Қытай билігі жергілікті мұсылмандардың бірігуіне басымдық береді. Олардың пікірінше, бірігу әрекеті  –  террористік топтар мен аймақтағы радикалдық жағдайдың өршуінің белгісі. Фото: NgHanGuan/AssociatedPress

Қытай үкіметі Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық аймағы этникалық қақтығыстар қысымына байланысты халықаралық қоғамдастық тарапынан белсенді түрде сынға ұшырады. Қазақстанның азаматтары Синьцзяндағы саяси қайта тәрбиелеу орталықтары немесе лагерлерінде ұсталып, сыртқа кете алмаса онда Қазақстан бұл жағдайға қалай қарауы қажет? Жалпы, Синьцзяндағы қазақ диаспорасының шетелдегі жағдайы ішкі саясаттың көзбояушылығы.

Синьцзяндағы қауіпсіздікті күшейту

 2014 жылдың мамыр айында қауіпсіздікті күшейтуге байланысты Қытай Синьцзяндағы экстремизмге қарсы күреске қарқынды түрде білек сыбана кірісті. Шараның мақсаты – Қытайдағы әлеуметтік тұрақтылық жағдайын сақтау және этникалық келісімдерді реттеу болды. Шын мәнінде, терроризм қаупін пайдаланып секьюритизациялау Синьцзянда исламды реттеуді ғана емес, жергілікті ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ басқа да этникалық топтардың діни сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Бақылаушылардың пікірінше, дінді қатаң бақылай отыра тілдің көлемін шектегеннен кейін Синьцзянның этникалық азшылықты толық игерудегі қысымның соңғы күштерінің бірі.

2014 жылы ҚХР-ның төрағасы Си Цзинь Пиннің терроризмге күдікті ретінде ұйғырлар шоғырын, оларды паразит секілді жою туралы үндеуіне қайтарым жауап ретінде марапаттармен ерекшеленген ұйғыр фермерінің суреті . Фото: livingotherwise.com

Синьцзяндағы қауіпсіздіктің күшеюі сарапшылардың пайыпдауынша – Қытайдағы екі маңызды ішкі саяси оқиғамен байланысты: Мәселен, 2017 жылы Коммунистік партияның XIX съезі мен 2018 жылы парламенттің және қоғамдық палатаның алғашқы отырыстарына аса қатысты. Бұл оқиғалардың қарсаңындағы және ішкі қауіпсіздік кезіндегі  ешбір түйткілсіз ішкі саясат Қытай билігінің басты маңызы болып тұр. Синьцзяндағы қауіпсіздік бақылауын күшейту ҚХР ішкі саяси оқиғаларының белгілі бір мерзімді кезеңдерінде аса қатты қарқын алады. Билік өкілдері Синьцзяндағы ұйғыр халқы тұрғындарының тарапынан белсенді наразылық пен қарсылық күтуде. Осыған сәйкес аймақтағы қатаң қауіпсіздік шараларын қолдануды қолға алуда.

Синьцзянды Еуразиямен байланыстыратын «Белдеу мен жол» шеңберінде Қытайдағы ірі құрылымдық жобаларды бақылауды күшейтудің тағы бір маңызды факторы. Осы жоба арқылы Қытай еуропалық нарыққа қолжеткізеді. Одан бөлек, Синьцзяндағы ішкі көші-қон үдерісіне арттыруға мол мүмкіндік алады. Мұнан өзге, ұзақ мерзімдік перспективалық құрылымдарға жетіп, Қытай аймақтық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндікке ие болады.

Синьцзяндағы лаңкестік пен экстремизм қаупінің артуы жаппай бақылаудың сылтауы ғана. Қытайлық билік Синьцзяндағы жергілікті мұсылмандарды шет елдердегі террористік топтардың қатарына қосып, олардың пікірінше аймақтағы радикализацияның белгісінің арту екендігіне баса назар аударады. Әйтсе де, лаңкестік топтарға кіретін адамдардың саны аздығына көңіл бөлмейді. Мысалы, ИГИЛ санағы бойынша этникалық ұйғырлар саны – 114. Оларды Синьцзянға қайтару ықтималдығы Синьцзяндағы ішкі қауіпсіздік шараларын қатаңдату салдарынан өте төмен. Синьцзянда экстремизмге, терроризмге және сепаратизмге қарсы қатаң күресу әрекетін күтуге болады.

Қытай Халық республикасының Куча қаласында қабырғалық насихаттау. «Этникалық костюмдерді кию – этникалық мәдениетті мұра ету мен дамытудың тәсілі, бірақ бөрік кию – бұл этникалық мәдениеттің сатқындықтары». Фото: livingotherwise.com

Қауіпсіздікті күшейту – Тибеттің бұрынғы басшысы Чэнь Цюаньгога тапсырылған болатын. Ол кісі қоғамдық тәртіпті бақылаудың қатаң шараларымен танымал болған. Оның Синьцзянға тағайындалуы – Тибет сияқты этникалық әртүрлі шекаралас аймақтарды басқару тәжірибесімен байланысқан еді. Қазіргі Синьцзян көшбасшысы Чэнь Цюаньго қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, аймақ тұрғындарын бақылауды күшейтіп, жергілікті полиция санын көбейтіп, Синьцзянның мұсылман этникалық аз топтарының арасында бақылау пункттерін тексеріп, ұялы телефондарын да тексеріп отырды. Чэнь Цюаньго саяси қайта оқыту лагерлерінің орталықтарының құрылымын бақылап отыруы да мүмкін деген де болжам жоқ емес.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның есебіне сәйкес, 2018 жылдың қыркүйегінде «Human Rights Watch» ұйымының жариялаған мәліметінде Синьцзянда ресми түрде ұсталғандардың саны өткен бес жылмен салыстырғанда үш есе өскен. Бұрынғы ұсталған тұлғалармен сұхбатқа негізделген баяндамада Қытай үкіметі адамдарды қамау орындарында, түрмеде және орталықта немесе саяси қайта тәрбиелеу лагерлерінде ұстап отырғандығын хабарлады. Кейбір мәліметтерге негізге алар болсақ, миллионнан астам адам саяси реформалау лагерінің бақылауында екен. Көп жағдайда ұсталғандар Синьцзянның ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және басқа да этникалық топтар сияқты мұсылмандық этникалық топтары да бар. Саяси реформалау лагерлерінде бұрынғы ұсталғандар мінез-құлық ережелері өте қатал екенін, сондай-ақ тұтқындарды қытайлық тарихты үйренуге, ол аздай, Қытай Коммунистік партиясын мадақтауға мәжбүр ететін көрінеді. Қытайлық билік мұндай орталықтардың пайдасы Синьцзянда терроризмді жоюға ықпал етеді деп есептейді екен.

Синьцзяндағы этникалық қазақтардың жағдайы

Синьцзянда бір жарым миллионнан астам этникалық қазақтар тұрады. Тәуелсіздік жылдарында этникалық репатриациялаудың мемлекеттік бағдарламасы арқасында миллионнан астам этникалық қазақтар Қазақстанға атамекендеріне оралды. Олардың ішінде 14,2% -ы Қытайдан келген қандастар. Туған жеріне келгендер оралман статусына ие. Олар отанына келгендеріне бір толған соң, жаңа түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына өтінім беруге құқылы. Синьцзяндағы экономикалық жағдайдың жақсаруы, оған қоса, этникалық репатриациялау бағдарламасының айналымы Қытайдан келетін қазақтар санын азайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, қазақтардың бір бөлігі Синьцзянда біраз уақыттан бері тұрғылықты тұратындар болса, екіншілері бөлігі — жергілікті қоғамдастыққа толығымен кіретіндер, екінші, үшінші тобы көшіп-қонушылар.

«Синьцзянның басқа да этникалық аз топтарымен қатар, бұл аймақта тұратын қазақтар орталықта немесе саяси қайта оқыту лагерлері тарапынан қысымға ұшырады»

Жалпы, Синьцзяндағы қазақтар ҚХР-ның саяси тәртібіне адал. Себебі олар, ұйғыр халқымен салыстырғанда сепаратистік көзқараста емес. Қалайша, қытай билігі оларды құпия түрде ұстайды? Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда Синьцзяндағы қазақ диаспорасы достық көпір рөлінде екендігін ескерген жөн. Негізінен ұсталған ұйғырлар мұқият тексерулерге ұшырайды. Бұл жайтта қарасамастан, мұсылман халқына бақылауды күшейтетін зорлық-зомбылық және экстремизмге қарсы күрес қазақтарға өте қатты әсер етті. Синьцзянның басқа да этникалық аз топтарымен қатар бұл аймақта тұратын қазақтар орталықта немесе саяси қайта оқыту лагерлерінде қысымға ұшырап отыр.

2017 жылдың алғашқы жартыжылында қазақтардың құқық бұзушылық пен қудалаудың алғашқы оқиғалары белгілі бола бастады. Қытайдан қоныс аударып, Қазақстанның заматтығын алған қазақстандықтар Синьцзяндағы туыстарына барған кезде ұсталған еді. Синьцзянның жергілікті билік органдары кейбір қазақстандықтарды «Қытайдың шекарадан өту ережелерін бұзған» деп айыптады. Өз кезегінде, Синьцзян қазақтарының айтуынша, олар өздерінің ҚХР азаматтығынан бас тартқан. Орталық Азияның басқа елдерімен қатар Қазақстан әлемнің 26 сезімтал елдерінің ресми тізімінде. Тізімге сай, осы елдерге барған немесе туысқандары бар және кез келген басқа байланыстарды қолдайтын адамдар қосымша тексерулерге тартылған. Кейбіреулер орталықта немесе саяси қайта тәрбиелеу лагерінде ұсталған.

Қазақстан билігінің реакциясы

Синьцзяндағы қазақ диаспорасының мәселесіне Астанадағы қазақтардың әлемдік құрылтайында (кездесуінде) мемлекет басшысының қатысуымен назар аударылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Сыртқы істер министрлігі қытайлық әріптестерімен дипломатиялық келіссөздер жолымен туындайтын мәселелерді шешуге тырысады. Жалпы алғанда, ведомствоға жүгінген тұлғалардың мәселесі мәселелері ғана қаралуда. Бүгінгі таңда өтініштер саны 600-ден астам бұрын Қытай азаматтығын алған Қазақстан азаматтарынан 100-ден аса өтініш түскен. Көбінесе, министрліктің әрекеті жеке өтінімдер арқылы жүгінушілердің әсін шешумен шектеледі.

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың Синьцзян билігінің қысымына ұшырағаны сондықтан да балалары мен күйеуі тұратын Қазақстанға қашып кеткендігі жөнінде сот отырсы өткеннен кейін кейбір мәселелерге назар аударылып, қоғам тарапынан күрделі жайттар қолдау тапты. Сайрагүлдің айтуынша, ол Синьцзяндағы саяси қайта тәрбиелеу орталығында жұмыс істеген. Қытайдың мемлекеттік құпиясын жария етпеу туралы түбіртекке қол қойған. Егер ол қайта оралса ол түрмеге қамалуы ықтимал. Сот ісінде ол Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өткені үшін кінәлі деп танылды. Десе де, елден шығарылу жөнінде қосымша жазаға ұшыраған жоқ.

Сайрагүл Сауытбай сот залында ұлымен кездесіп тұр. Фото: informburo.kz

Қытай билігі ұзақ уақыт бойы саяси қайта оқыту лагерлерінің бар екенін мойындамады. Алайда, халықаралық қоғамдастық тарапынан осы сұраққа назар аударғаннан кейін, Қытайдағы ресми дереккөздер кəсіптік білім беру орталықтарының жұмыс істеуі туралы хабарлады. Қытайлық тараптың пікірінше, осы орталықтардың қызметкерлері кәсіби білімді тегін алады екен. онымен тоқтамай, біліктілігін арттыра түседі. Осылайша, қытайлық билік лагерлер деп аталатын жүйенің бар екендігін  халықаралық қоғамдастық алдында баяндау тәсілін жұмсартуға дайындалуда.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми позициясы – Қазақстан Республикасының азаматтығы бар этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге бағытталған.

Қытайдың өзіне тән көзқарасының ықпалы әсерінен Қазақстанның ресми желісі Синьцзяндағы қазақ диаспорасының саяси қайта тәрбиелеу лагерін терминін немесе қысымын қолданбайды. Қазақстан Қытай билігінің Синьцзян мәселесіне деген сезімтал көзқарасын түсінеді. Бір жағынан алып қарасақ, Қазақстан қытай билігінің синьцзяндық мәселеге асқан сезімтал тұрғыда қарайтындығын түсінеді. Ал, бір жағынан қазақ диаспорасы Қазақстанның ішкі саясатының басты бағыттарының бірі. Сыртта жүрген өз азаматтары Отанының қорғауында.

Кепілдеме шеңберінде Қазақстан дипломаттары тек инструменталды түрде көмек бере алады. Сыртқы істер министрлігіне жеке шағымдарды беру қажет емес. Дегенмен, Синьцзяндағы жағдайды айыптайтын тұтас тәсіл. Мұндай әрекеттер Қытайдың ішкі істеріне төтесіне араласу ретінде есептеледі. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми позициясы Қазақстан Республикасының азаматтығы бар этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге бағытталған. Соңғы деректерге сәйкес, СІМ-гі Синьцзяндағы қысымға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне 915 өтініш келіп түскен. Оның 29-ы қос азаматтығы бар деген күдікке ілінді. Солардың 15-і қазақстандық өкілдіктердің араласуымен босатылған. Қытай тарапымен жасалған келісімдерге сәйкес, 2000-нан астам этникалық қазақ, яғни бұрын Синьцзянда қамауға алынғандар көшуге рұқсат алды.

Өз кезегінде Пекин ресми түрде Қазақстанмен екі жақты экономикалық қатынастардың маңыздылығын түсінеді. Осыған байланысты қытай билігі ахуалды бақылауда ұстап, қазақстандық тараппен диалогқа баруға тырысады. Қытай билігі кейбір этникалық қазақтардың кешіктірілуінің себебі – ҚХР мемлекеттік шекарасын кесіп өту ережелерін бұзуынан деп есептейді. Сапар барысында жергілікті қауым басшылары Синьцзяндағы этникалық қазақтардың мәртебесі туралы мәселені көтеруген еді. Осы кездесудің нәтижесінде орталықта немесе саяси білім беру лагерінде болған бірнеше қазақтар босалғанын ескерген жөн.

Ұсыныстар
Синьцзяндағы этникалық қазақтардың ахуалы этникалы қазақтарды отанына оралу мәселесіне қайтадан жол салып отырн. Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін Қытай азаматтығынан шығу мәселесі көбіне-көп маңызды сұрақтар туындатады. Алдағы кезде осындай жайттарды болдырмас үшін Қазақстан билігі аталмыш түйткілді қытайлық тараппен бірлесіп шешуі керек. Мәселен, Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін қытайлық тараппен Қытайға қосымша сапардың күшін жою туралы екіжақты келісімдер арқылы шешуге болады.

Этникалық қазақтардың Қазақстан азаматтығын бір жыл ішінде алуға болатынына қарамастан, қазақтардың ұзақ мерзімді бюрократиялық рәсімдерге байланысты азаматтығын ала алмай жүретін мәселесі де бар. Көп жағдайда Қазақстанға көшуді қалайтын этникалық қазақтардың құжаттары қарапайым ақпаратпен байланысты болмайды. Егер құжаттарды рәсімдеу мен заңдастыру ісін онлайн форматқа көшіру  тәсілі істі жеңілдете түсері анық.

Синьцзяндағы этникалық қазақтарға қарсы қылмыс мәселесі негізінен Сайрагүл Сайытбайдың ісіне байланысты Қазақстанда кең қолдауға ие болды десек артық болмас сірә!? Алайда, Қазақстандық мемлекеттік көшбасшылардың және мемлекеттік емес БАҚ-тардың тек бір бөлігі Синьцзяндағы қазақтардың жағдайына қатысты мәселені көтереді. Көбі бір жақты ұстанымда. Осы орайда, қазақстандық қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік емес тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары Синьцзяндағы этникалық қазақтардың жағдайын кеңірек жариялауы тиіс. Тәуелсіз БАҚ-ы осы оқиғаларды жариялауға белсенді қатысты. Қазақстанның қоғамдық көшбасшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешуді жеделдетуға ықпал етуге қабілетті. Әрине, ҚР-сы Сыртқы істер министрлігінің ресми атсалуымен шеше алады.


Мақала «GivingVoice, DrivingChange — fromtheBorderlandtotheSteppesProject», жобасының аясында Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен әзірленді. Мақаладағы пікірлер редақция ұстанымын немесе донор көзқарасын білдірмейді.